01 маусым 2017 14:17

Маусымда ауа райы қалай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Синоптиктер 2017 жылғы маусым айына арналған консультативтік болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.


Синоптиктер 2017 жылғы маусым айына арналған консультативтік болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

"Айдың басында батыс аймақтар ауа-райына белсенді циклондар ықпал ететін болады, ауа-райының нашарлау жағдайына себеп болып: нөсерлі жаңбыр, найзағай, бұршақ, солтүстік-батыс желінің күші 15-20 метр секундына жетіп, түнде ауа температурасының 5-13 жылыға дейін, күндіз 15-23 дейін төмендеуі күтілелді. Еліміздің қалған аумағына оңтүстік-батыс ағындарымен жылы ауа массалары келеді, осыған байланысты еліміздің солтүстігінде ауа температурасы күндіз 25-33 дейін жылы, ал оңтүстікте 30-39 жылыға дейін жоғарылайды. Алайда, жылыну қысқа мерзімді болады, алдағы демалыс күндері батыс аймақтардағы ауа райы нашарлап, шығыс бағытына ауысып, Қазақстанның басқа да облыстарын қамтитын болады", - делінген хабарламада.

Осы ретте, синоптиктер келесі аптаның ортасы (7-8) маусымда, еліміздің солтүстігі мен орталығының кей жерлерінде жаңбыр, найзағай болып, жеке аудандарда бұршақ жауатынын да ескертеді. "Солтүстік бөлікте түнде ауа температурасы 2-7 жылыға дейін төмендейді, ауа-райы ашылған кезде, топырақта үсік 1 градусқадейін, күндіз 12-20 дейін жылы, оңтүстікте түнде 8-15 дейін жылы, күндіз 20-25 дейін жылы болуы мүмкін", - дейді мамандар.

Болжамға сәйкес айдың екінші және үшінші онкүндіктерінде салқындаудың кезекті екі толқыны күтілуде.
Маусым айында орташа ауа температурасы көпжылдық мәндерге жақын болады деп күтіледі. Ерекшелік тек республиканың оңтүстiгі, оңтүстiк-шығысы мен шығысында болып, температура нормадан 1 градус жоғары болады.

Жауын-шашынның айлық мөлшері Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстарында нормадан жоғары, ал қалған аумақта климаттық нормаға жуық болады деп күтіледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.32   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети