12 мамыр 2022 16:32

Маусымда екі жаңа метро станциясы іске қосылады - Алматы әкімі

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz/ Әлихан Сариев Tengrinews.kz/ Әлихан Сариев

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданында орналасқан "Сары-Арқа" және "Момышұлы" метро станциясы маусымда ашылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданында орналасқан "Сары-Арқа" және "Момышұлы" метро станциясы маусымда ашылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Досаев Әуезов ауданында көлік кептелісі жиі болатынын, бұл тұрғындардың жайлы өмір сүруіне кері әсер ететінін айтты.

"2022 жылдың маусымында Әуезов ауданындағы "Сары-Арқа" және "Момышұлы" метро станциясын іске қосамыз. Бұл метрополитеннің тәуліктік жолаушылар ағынын 40 мыңнан 86 мыңға дейін арттырады", - деді мегаполис басшысы.

Сондай-ақ, ауданда Төле би көшесін ұзарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Досаев бұл үшін әкімдікке 270 жер учаскесін босату қажет екенін атап өтті. Шенеуніктер 63 учаскенің сатып алу бағасына келіскенін, қалған 207 учаске бойынша келіссөздер жүргізіліп жатқанын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети