Мәжілісте балабақша тәрбиешілерінің төмен жалақысы туралы мәселе көтерілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжілісте балабақша тәрбиешілерінің төмен жалақысы туралы мәселе көтерілді © Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық балабақшаларда жұмыс істейтін тәрбиешілердің жалақысы - 35 мың теңге, ал бала күтушілер 25 мың теңге алады екен. Осы мәселені Мәжілісте өткен дөңгелек үстелде Қазақстанның Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева көтерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық балабақшаларда жұмыс істейтін тәрбиешілердің жалақысы - 35 мың теңге, ал бала күтушілер 25 мың теңге алады екен. Осы мәселені Мәжілісте өткен дөңгелек үстелде Қазақстанның Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева көтерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мектепке дейінгі ұйымдарда 84 мыңға жуық педагог жұмыс істейді. Жыл сайын осы мамандыққа мемлекеттік тапсырыс көлемі ұлғайып келеді. Мектепке дейінгі ұйымдарда кадр тапшылығының басты себебі - жалақыларының аз болуында. Тәрбиешілер 35,7 - 55,6 мың теңге, ал тәрбиешінің көмекшісі 25-30 мың теңге жалақы алады. Бұл өте аз", - деді вице-министр. 

Оның айтуынша, педагогтардың жұмысына сай жалақы төлеу тиімді шешім болады. 

"Сол себепті біз тағы да жұмысшы тобын қолдауға шақырамыз. Мектеп мұғалімдерінен жұмыс көлемін азайтқандай, осы мәселеде де бізді қолдауды сұраймыз", - деді Суханбердиева. 

Еске салайық, ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев қазақстандық мұғалімдердің жалақыны көтеру талабына оқу жүктемесін азайту жобасын ұсынған болатын

"Мұғалімнің орташа жалақысы - 86 мың теңге, жоғары білімі бар жас мұғалімнің жалақысы 49 мың теңге, орта білімі бар мұғалімдер 39 мың теңге алады. Бес күндік оқу аптасына өткеннен кейін, бастауыш сыныптардың оқу жүктемесі 13 сағатқа дейін қысқарды, бұл олардың жалақысына әсер етті", - деген еді Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитеттің төрағасы Гүлнар Иксанова.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети