20 ақпан 2017 14:26

Сағадиев: Мұғалімдердің жалақысын өсіру үшін 88 миллиард теңге қажет

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ерлан Сағадиев Ерлан Сағадиев

ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев қазақстандық мұғалімдердің жалақыны көтеру талабына оқу жүктемесін азайту жобасын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев қазақстандық мұғалімдердің жалақыны көтеру талабына оқу жүктемесін азайту жобасын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мұғалімнің орташа жалақысы - 86 мың теңге, жоғары білімі бар жас мұғалімнің жалақысы 49 мың теңге, орта білімі бар мұғалімдер 39 мың теңге алады. Бес күндік оқу аптасына өткеннен кейін, бастауыш сыныптардың оқу жүктемесі 13 сағатқа дейін қысқарды, бұл олардың жалақысына әсер етті", - деді Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитеттің төрағасы Гүлнар Иксанова.

Министрліктің бұл мәселені қалай шешетіні жайлы сұраққа министр мұғалімдердің жүктемесін азайтуды ұсынды.

"Бірінші кезекте бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу жүктемесін 18 сағаттан 14 сағатқа дейін, негізгі және жоғары сыныптарда оқу жүктемесін 18-ден 16 сағатқа қысқартуды ойластырып отырмыз. Бұл мәселені директорлармен ақылдастық, олар мұны маңызды болар еді деп есептейді. Бұған жылына 88 миллиард теңге қажет. Бұл соманы Қаржы министрлігіне бердік, 2018 жылға Қаржы министрлігі қарастырады, бюджет шектеуі бар екенін білесіздер. Бір апта бұрын бюджетті қабылдадық, дауыс бердік, сондықтан елде қанша қаражаттың бар екенін және оның қайда жұмсалатынын білеміз", - деді Сағадиев.

Сондай-ақ, Мәжіліс депутаттарының үкімет сағаты барысында мектеп директорларының төмен әрі әділетсіз жалақысы жайлы сөз қозғалды. Депутат Иксанованың айтуынша, 300 орындық және 3 000 орындық мектеп директорлары бірдей жалақы алады.

"Лауазымдық қызметақыны есептеу базасын өзгертсек, бұл мәселені шешуге болады. Білім беру жүйесіндегі барлық қаржы есептерімен айналысатын орталықтандырылған бухгалтерияны ашатын уақыт келді. Бұл бюджеттік қаражатты басқарудың тиімділігін арттырар еді", - деді Гүлнар Иксанова.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети