15 ақпан 2014 18:21

Medey Dream Fest фестиваліне 2000 адам қатысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Алматыда "Медеу" биік таулы мұзайдынында Medey Dream Fest атты алғашқы қысқы фестиваль өтті деп хабарлайды Tengrinews.kz. Жұма күні кешкісін коньки тебуді ұнататын 2000-ға жуық адам мұзайдынға жиналды. Medey Dream Fest фестивалі олардың бәрін үлкен мереке аясына біріктірді. Алғашқы қысқы фестивальға Adam, Ксения Сухомазова сияқты еліміздің танымал жұлдыздары да келді. Әншілер мұзайдын ортасына орнатылған сахнада өнер көрсетті. Мерекеге келгендер би билеп, ойындар ойнады, мәнерлеп сырғанаудан жасөспірімдер құрамасының бағдарламаларын тамашалады. "Коньки теуіп, әртістердің жанды дауыспен өнер көрсетуін тамашалауға, байқауларға қатысып, мерекелік көңіл күйді сезінуге бар жағдай жасаған шаралар бұрын-соңды болған емес. Бұл - нағыз армандар фестивалі. Мереке 14 ақпан - ғашықтар күніне сәйкес келді", - дейді ұйымдастырушы Маргарита Раченкова. Medey Dream Fest енді жыл сайын дәстүрге айналады. Оған шетелдік жұлдыздар да шақырылмақ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети