Мединеде қаза болған қазақ баланың ата-анасы мектептің үстінен шағымданбайды - ҚР СІМ

11 Мамыр 2017, 14:04
0
Мединеде қаза болған қазақ баланың ата-анасы мектептің үстінен шағымданбайды - ҚР СІМ - видеодан үзінді
видеодан үзінді

Мединедегі Хассан ибн Сабит мектебінде баспалдақтан құлап мерт болған қазақстандық баланың ата-анасы білім мекемесіне шағымданбайды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов мәлімдеді. Оқиға 2017 жылдың 23 сәуірінде болған еді. 

Жайнақовтың айтуынша, баланың отбасы 24 сәуірде Қазақстанның Джидадағы елшілігіне хабарласқан. 

"Олар 2010 жылы туған ұлдарының мектептегі қайғылы оқиғадан көз жұмғанын мәлімдеді. Баланы Мединеде жерлеуге рұқсат алып беру үшін көмектесуді сұрады. Сол күні біздің дипломаттар қала әкімшілігімен байланысқа шығып, қажетті құжаттарды жинастырып берді. Келесі күні, 25 сәуірде бала Мединеде жерленді", - деп хабарлады министрлік өкілі. 

Баланың 1981 жылы туған әкесі - ОҚО тумасы. Отбасы Сауд Арабиясында тұрып жатыр. Ол Медициналық ислам университетінде білім алып жатыр. 

"Консулдыққа жазған өтінішінде ер адам мектеп қабырғасында түсірілген видеоны жеке өзі қарап шыққанын және баланы ешкім итермегенін, оқыс жағдай болғанын жазды. Білім мекемесіне еш шағымы жоқ. Қазір тергеу жүріп жатыр. Қорытындысын бізге хабарлайды", - дейді Жайнақов. 

Мұның алдында ғаламторда оқиғаның видеосы пайда болған еді. Видеодағы кадрлардан балалардың мектептегі баспалдаққа жүгіріп бара жатқанын көруге болады. Бір сәтте видеода ер адам пайда болады. Ол балалармен сөйлесіп тұрғанда оқушылардың бірі баспалдақтан құлап кетеді.

БАҚ мәліметінше, Ахмет Тошбиков Нұр басын қатты жарақаттап алған. Дәрігерлер бала ауруханаға жеткізілгенде қайтыс болғанын айтқан. Баланың Құран оқу орталығында 1-курста оқығаны белгілі болды. Ел билігі бұл оқиғаны зерттеп жатыр.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай