02 маусым 2017 11:00

Медициналық сақтандыру қорына жыл сайын қанша қаражат жұмсалатыны белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов "Хабар" телеарнасына берген сұхбатында медициналық сақтандырудың барлық қызметіне қанша қаражат жұмсалатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов "Хабар" телеарнасына берген сұхбатында медициналық сақтандырудың барлық қызметіне қанша қаражат жұмсалатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Медициналық сақтандырудың барлық қызметіне жылына 600 миллиард теңге қажет. Бұл сан халық саны мен олардың медициналық көмекке жүгінуінен шығып отыр. Заң күшіне енді, енді ол барлық адамға міндеттеледі: қызметкерлер, жеке кәсіпкерлер, жұмысшылар - барлығы аударым жасап отыруы тиіс", - деді министр телеарнаға берген сұхбатында.

Сондай-ақ, министр қорда ақшаның жиналатынына сенімділік білдірді.

"Бізде осы жылы бірінші қаражат ретінде 22 миллиард теңгеміз бар, ал жалпы негізі кем дегенде 57 миллиард теңге керек. Осы қаражат келесі жылы болуы мүмкін қауіп-қатерлерді жоюы керек. Мұның барлығы қордың қаражат жағынан тұрақсыздығын қамтамасыз ету мақсатында талап етіліп отыр", - деді министр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети