23 маусым 2021 10:39

MEGA-да COVID-19-ға қарсы вакцина салып, автокөлік ұтып ал!

ПОДЕЛИТЬСЯ

23 маусымнан бастап MEGA желісіндегі СОО-да "Вакцина салдыр, көлік ұтып ал" акциясы басталады, оған қатысушылардың автокөлік ұтып алуға мүмкіндігі бар.


23 маусымнан бастап MEGA желісіндегі СОО-да "Вакцина салдыр, көлік ұтып ал" акциясы басталады, оған қатысушылардың автокөлік ұтып алуға мүмкіндігі бар.

23 маусым мен 31 тамыз аралығында MEGA желісінің кез келген СОО-да COVID-19 вакцинасының бірінші компонентін алғаш рет алатын қазақстандықтар "Астана Моторс" компаниясының Hyundai Accent автомобилінің ұтыс ойнына қатысады.

Көлік иесі 5 қыркүйекте Инстаграмдағы MEGA ресми аккаунттарының тікелей эфирінде анықталады. Вакцинацияланғандар арасында 2 автокөлік ойнатылады: біреуі – Нұр-Сұлтан қаласында, MEGA Silk Way СОО-да, екіншісі – Алматы қаласында, MEGA Alma-Ata немесе MEGA Park СОО-да. Акция Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының әкімдіктерімен бірлесіп өткізіледі. Акцияның бас серіктесі – "Астана Моторс" ҚМК.

Сонымен қатар, апта сайын аралық сыйлықтар да ойнатылады - тұрмыстық техника, сауда сертификаттары және тағы басқалар. Бірінші аралық ұтыс ойыны 4 шілдеге жоспарланған және осы күннен бастап науқан аяқталғанға дейін әр жексенбі сайын ұйымдастырылады.

Акцияға 23 маусым мен 31 тамыз аралығында COVID-19 вакцинасының бірінші компонентін алған 18 жастан асқан қазақстандықтар қатысады.

Акция мақсаты - Қазақстанда  вакцинация қарқынын ынталандыру, өйткені вакцина – COVID-19-дан жалғыз тиімді қорғаныс. Себебі вакцина салу - COVID-19-дан қорғанудың жалғыз тиімді жолы. Мұндай акциялар басқа елдерде де сәтті ұйымдастырылды. Жуырда Польша, Таиланд, АҚШ, Ресей, Моңғолия, Сербия, Индонезия, Қытай, Венгрия, Израиль және т. б. елдердің үкіметтері вакцина алған тұрғынар арасында автокөлік ойнатты.

"Вакцина салдыр, көлік ұтып ал" акциясы туралы толық ақпаратпен mega.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі MEGA ресми аккаунттарында танысуға болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Жарнамалық материал
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети