Мектеп оқушылары қалауы бойынша қашықтан оқи ала ма?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мектеп оқушылары қалауы бойынша қашықтан оқи ала ма? Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Оқушылар ата-ана қалауымен онлайн-оқуда қала алмайды. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Instagram-да өткен тікелей эфирде мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оқушылар ата-ана қалауымен онлайн-оқуда қала алмайды. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Instagram-да өткен тікелей эфирде мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ата-ана баласын дәстүрлі форматқа ауыстырмай, онлайн режимде оқытуға мүмкіндігі бар ма?", - деп сұрақ қойылды министрге.

"Жоқ, оқушылар дәстүрлі форматта оқиды деп шешім қабылданды. Көп студент, мүмкіндік болса мүлде оқығысы келмейді, диплом алғысы келмейді, сонымен қатар сабаққа да келмейді. Менің ойымша, басым көпшілік дәстүрлі білім берудің қажет екенін түсінеді. Сарапшылар, ата-ана мен мұғалімдер дәстүрлі білім беру қашықтан оқытуға қарағанда әлде қайда тиімді екенін, екеуі бір-бірене ешқашан тең бола алмайтынын түсінді", - деп жауап берді Аймағамбетов.

Бұған дейін премьер-министр Асқар Мамин Қазақстанның мектептері, колледждері мен жоғары оқу орындары 1 қыркүйектен бастап дәстүрлі оқыту форматына оралатынын мәлімдеген болатын.

Сондай-ақ, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы жаңа оқу жылына арналған санитарлық ережелерді жариялағаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети