08 қараша 2023 18:02

Мектеп оқушыларының жаппай улануы: прокуратура мәлімдеме жасады

Фото:gov.kz

Жамбыл облысында балалардың жаппай улану оқиғасы бойынша прокуратура пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында балалардың жаппай улану оқиғасы бойынша прокуратура пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

7 қарашада Сарыкемер ауылының Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының 46 оқушысы мен 2 мұғалімі Байзақ ауданы орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне тамақтан улану белгілерімен жүгінген.

Реклама
Реклама

Қазіргі уақытта тексеру нәтижелері бойынша 35 адам ауруханаға жатқызылды (33 оқушы және 2 мұғалім). Сонымен қатар, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет тиісті тексеруді тағайындағаны айтылды.

"Аталған жайт Байзақ аудандық полиция бөлімімен ҚК-тің 304-бабының 1-бөлігі бойынша (cанитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу) СДТБТ-ге тіркеліп, іс аясында қажетті тергеп-тексеру шаралары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық істің тергелуі облыс прокуратурасының бақылауында", - делінген хабарламада.

ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес басқа мәліметтер жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram