08 қараша 2023 11:31

Мектеп оқушыларының жаппай улануы: ондаған бала ауруханаға жатқызылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:gov.kz Фото:gov.kz

Жамбыл облысында мектеп оқушылары жаппай улануып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігі мәліметіне сілтеме жасап.


Жамбыл облысында мектеп оқушылары жаппай улануып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігі мәліметіне сілтеме жасап.

Сарыкемер ауылындағы Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының оқушысының әлсіздік, құсу бойынша шағымданған алғашқы өтініші 7 қарашада түстен кейін тіркелгені айтылды. Бұл мәселе бойынша Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің тапсырмасымен арнайы комиссия құрылған.

"Сағат 23.00-ге дейін өтініш білдіргендердің жалпы саны 46 адам болды (2 мұғалім, 44 бала). 46 адамның 33-і ауруханаға жатқызылды, жағдайлары орташа, тұрақты.

Ауруханаға жатқызылғандарға детоксикация терапиясы жүргізілді. Антибиотикалық емдеуді қажет етпейтін 13 адам медициналық кеңес алғаннан кейін амбулаториялық емдеу және үйден бақылау үшін қайтарылды", - делінген хабарламада.

Жалпы практика дәрігерлерінен, педиатрдан, учаскелік медбикеден тұратын 16 мобильді топ 205 ауланы аралап, осы күні оқу орнының асханасына келген қалған оқушыларды тексеру жүргізілген. Тексеру қорытындысы бойынша олардың жағдайы қанағаттанарлық жағдайда, шағымдар мен ауру белгілері жоқ.

"Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясын тамақпен қамтуға жауапты ЖК "Тоқсейітовтің" жұмысы мән-жайлар нақтыланғанға дейін тоқтатылды. Мектеп оқшауланған, бактериологиялық зерттеу шаралары жүріп жатыр", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети