26 мамыр 2022 13:58

Мектепке қабылдану үшін жаңа талаптар пайда болды деген ақпарат фейк

Мұхтар Жәмішжанов Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық Telegram-арналарда балаларды бірінші сыныпқа қабылдау үшін бірқатар құжаттардан бөлек, саусақ іздері және жыныстық қатынас статусы туралы анықтама талап етілетіні жазылды. StopFake Қазақстан мектептерінде мұндай талаптар жоқ екенін хабарлады.

ҚР БҒМ хабарлауынша, балаларды бірінші сыныпқа қабылдау үшін мұндай мәліметтер ұсынудың қажеті жоқ.

Фото StopFake.kz сайтынан алынды

Балалар бірінші сыныпқа алты жастан бастап қабылданады. Баланы бірінші сыныпқа беру үшін ата-аналар 1 сәуірден 1 тамызға дейін мынадай құжаттарды ұсынады:

  • ата-аналардың мектепке қабылдау туралы өтініші;
  • баланың туу туралы куәлігі;
  • денсаулық жағдайы туралы анықтама, №063у нысан;
  • баланың денсаулық паспорты 026 / у-3;
  • баланың фотосуреті 3х4 см (2 дана).

Сонымен қатар, хабарламада мектепке бару үшін қажет ақпарат тізбесінде қазақстандықтарда жоқ МӘС полисінің реквизиттері, ДЕСН және басқа да тармақтар көрсетілген. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети