04 маусым 2021 12:17

Мектепте тыйым салынған заттар: жауапкершілік ата-анаға жүктеледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Бала мектепке тыйым салынған заттарды әкелгені үшін ата-анасы жауап береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Білім және ғылым министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Бала мектепке тыйым салынған заттарды әкелгені үшін ата-анасы жауап береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Білім және ғылым министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрлік білім беру ұйымдарына және олардың аумағына әкелуге тыйым салынған, пайдаланылуы шектелген нәрселер мен заттардың тізбесін бекітті.

"Мектепке қару немесе соған ұқсас заттарды кіргізуге үзілді-кесілді тыйым салынады. Бұдан басқа, білім беру ұйымдарында шанышқылы, кескіш, шапқыш, ұрғылау-ұсақтау, лақтыру заттары, өнеркәсіптік құралдар және өзге де нәрселер, оқ дәрілерді, жарылғыш, улы, психоактивті заттарды әкелуге және пайдалануға жол берілмейді", - делінген министрлік хабарламасында.

Жаңа норманы енгізу балаларға қауіпсіз және жайлы оқу ортасын құруға, сондай-ақ құқық бұзу деректерін уақтылы анықтауға және жолын кесуге мүмкіндік береді.

"Бала тыйым салынған заттарды білім беру ұйымдарына әкелгені үшін ата-анасы мен заңды өкілдері жауапты болады", - деп ескертті БҒМ баспасөз қызметі өкілі.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов білім беру ұйымдарында тыйым салынған заттар тізбесін әзірлеу былтыр басталғанын айтты.

"Биыл қаңтарда "Білім туралы" заң аясында осы тізбені әзірлеуге және бекітуге құзырет алдық. Тыйым салынған нәрселер мен заттардың тізімі Ішкі істер, Денсаулық сақтау, Цифрлық және аэроғарыштық даму министрліктерімен, ҰҚК, Бас прокуратура және Жоғарғы сотпен бірлесіп жасалды", - деді Аймағамбетов.

Сондай-ақ, мектеп оқушыларына сабақ кезінде смартфон, планшет, плейер пайдалануына шектеу енгізіледі. Бұл шектеулер денсаулықты бақылау үшін смартфон қажет болатын ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға әсер етпейді. Мысалы, қант диабетінде қандағы қантты бақылау үшін.

Тыйым салынған заттардың толық тізімімен БҒМ сайтында танысуға болады.

Бұған дейін ІІМ тыйым салынған заттар қатарына қару, пышақ, кастет және соған ұқсас заттар кіретінін хабарлаған болатын. Сондай-ақ, жарылғыш құрылғылар (ұқсас заттар), пиротехника құралдары мен газ баллондарына тыйым салынған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети