31 қаңтар 2020 18:10

Мектептегі дәретхана мәселесін қыркүйекке дейін шешеміз - Сапарбаев

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© otyrar.kz © otyrar.kz

Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев мектептегі көше дәретханалары проблемасы қашан шешілетінін, сондай-ақ, оқу орындарын бейнебақылау камераларымен жабдықтау мәселесін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев мектептегі көше дәретханалары проблемасы қашан шешілетінін, сондай-ақ, оқу орындарын бейнебақылау камераларымен жабдықтау мәселесін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бейнекамералар, көше дәретханалары және басқалары бойынша. Біз Президенттің тапсырмасымен өзімізге міндеттемелер алдық. 1 қыркүйекке дейін бәрін жасаймыз", - деді Сапарбаев Білім және ғылым министрлігінің мәжілісінде.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин оқу орындарынан тыс бейнежазба мұрағатын жасауды сұрады. Оған әкімшілік қол жеткізе алмауы және өшіре алмауы керек.

"Ал бейнекамералардың полиция бөлімдерімен интеграциялануына қатысты айтсам, олар да барлығын көріп отыруы үшін бұл міндетті түрде жүзеге асады. Сондай-ақ, әрине, күзетке қатысты: біз қазір аудан орталығы және облыс орталықтарына күзеттің барлығын ведомстводан тыс қылып ауыстыру керегін айттық. Қазіргідей емес. Онда негізінен ата-әжелр отырады, міне, нәтижесі осы", - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Тараздағы мектеп дәретханасында сабақ кезінде 12 жастағы қыз зорланған. Оқиғадан кейін мектеп директоры, оның орынбасары, мұғалім мен вахтер жұмыстан босатылды. Сондай-ақ, Nur Otan партиясының мүшелері облыстық білім басқармасының басшыларын жазалауға шақырған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети