16 маусым 2014 17:21

Мектептер жаттанды білімнен бас тартатын болады - БҒМ

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Қазақстанда мектеп бағдарламасы білім мен дағдыны терең ұғынуға негізделетін болады, бұл туралы Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда мектеп бағдарламасы білім мен дағдыны терең ұғынуға негізделетін болады, бұл туралы Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министр 2015 жылдан бастап, мектептерде жаңа мазмұндағы оқу бағдарламасының сынақтан өтетінін айтты. Онда білімді жаттап алуға емес, практикалық дағдыны меңгеруге көп көңіл бөлінеді. Жүйеге жаңа пәндер мен оқулықтар енгізіледі, олардың сапасы, Сәрінжіповтің айтуынша, қазіргіден анағұрлым артық болады. Жаңа әдістеме 2016 жылы жаппай енгізіледі.

Сәрінжіпов мектептерде білімді бағалау жүйесі де өзгереді. Дегенмен ол ҰБТ-ға әсер етпейді. Министрдің сөзіне қарағанда, тестілеудің жаңғыртудағы басты мақсаттың бірі - емтихан кезіндегі күйзелісті ахуалды төмендету. 

Еске сала кетейік, 2015 жылдан бастап, Қазақстанның кейбір мектептерінде білім беру 12 жылдық жүйеге көшеді. Жаңа жүйеге көшу 2020 жылға дейін аяқталады. Бұл стандарт бойынша 1-5 сыныптар - бастауыш, 6-10 сыныптар - негізгі және 11-12 сыныптар жоғарғы мектеп деп саналады. 12 жылдық білім беру жүйесімен бірге 2015 жылдан бастап, білімді бағалаудың 10 балдық шкаласы да тәжірибеге енеді.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети