Мектептер қандай жағдайда карантинге жабылады? Бекшин жауабы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мектептер қандай жағдайда карантинге жабылады? Бекшин жауабы

Алматыда қандай жағдайда мектептер толығымен жабылып, онлайн-оқуға көшірілетінін қаланың бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда қандай жағдайда мектептер толығымен жабылып, онлайн-оқуға көшірілетінін қаланың бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Егер сыныпта ауырған бала болса, ол сынып онлайн оқуға көшеді. Оқушылар мен мұғалімдердің 20 пайызы вирус жұқтырса, мектеп карантинге емес, толығымен жабылады", - деп түсіндірді Бекшин.

Қаланың бас санитария дәрігері жаңа қаулыда сипатталған жеке оқушыларды онлайн оқытуға көшіру ережелерін де түсіндірді.

"Ата-ана созылмалы ауруы бар балаларын онлайн оқытуға көшіруді сұрайды. Егер баланың ауруы медициналық құжаттармен дәлелденсе, ол онлайн оқытуға көшеді. Сонымен қатар, егер сыныптан бір бала вирус жұқтырса, онда бүкіл сынып оқшауланады және бүкіл мектеп инфекцияның таралуына жол бермеу үшін онлайн режимінде оқиды", - деп толықтырды Бекшин.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда бір айлық сәби коронавирустан қайтыс болғаны хабарланған болатын. Балалар арасында "дельта" штамын жұқтырғандар саны артып келеді. Бұған дейін Алматыда карантин екі аптаға ұзартылған, демалыс күндері мекемелерге жұмыс істеуге тыйым салынады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети