17 тамыз 2021 14:39

Бекшин Алматыда карантин неге ұзарғанын түсіндірді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин карантинді ұзарту туралы жаңа қаулысын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин карантинді ұзарту туралы жаңа қаулысын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қаласы бас санитария дәрігерінің айтуынша, өткен аптаға қарағанда, коронавирустың жаңа деректері азайып, жағдай тұрақталған. Қалада бір апта ішінде тіркелген жаңа жағдайлар саны - 10,7-10,5 мың жағдай. Күнделікті өсім де төмендеді - тамыздың басында 1,5 пайыздан 1,22 пайызға дейін. Соған қарамастан, "симптомды" науқастар саны 93 пайыздан 94 пайызға дейін өсіп жатыр.

Жандарбек Бекшиннің айтуынша, науқастар санының артуына, сондай-ақ шиеленісті жағдайдың сақталуына және оқу жылының басталуына байланысты Алматыдағы карантинді 31 тамызға дейін ұзарту туралы шешім қабылданған. Қала нысандары "қоңыр-қызыл" аймақта жұмысын жалғастырады. Сонымен қатар, бас санитария дәрігердің жаңа қаулысына кейбір жеңілдіктер мен өзгерістер енгізілген.

Ashyq "көшбасшысы" мәртебесі бар нысандар жұмыс күндері сағат 10:00-ге дейін жұмыс көлемін 10 пайызға арттыра алады. Егер олардың қызметкерлерінің кемінде 90 пайызы вакцина алған болса, тұрақты медициналық қарсы көрсеткіші бар адамдарды қоспағанда, соңғы үш ай ішінде аурып, жазылғандар болса, онда жұмыс 20 пайызға артуы мүмкін.

Ashyq-қа қосылған басқа нысандар да жұмысын 22.00-ге дейін жалғастырады. Демалыс күндері орталық мемлекеттік органдарды, әкімдіктерді, құқық қорғау органдарын, денсаулық сақтау мекемелерін, бұқаралық ақпарат құралдарын, азық-түлік дүкендерін, дәріханаларды қоспағанда, барлық нысандар жұмысына әлі де тыйым салынған.

Жаңа қаулы бойынша жұмыс күндері және демалыс күндері, мереке күндері саябақ аумағындағы аттракциондар, бөлшек сауда және қоғамдық тамақтану нысандары қызметіне тыйым салынады.

Алматы қаласының білім басқармасы, сондай-ақ оқу орындарының басшылары 25 тамызға дейін қамтамасыз етуі тиіс:

  • ЖОО қызметкерлері мен студенттеріне вакцина алу қажеттілігін түсіндіру;
  • педагогтер мен техникалық қызметкерлерге, жатақханалар мен асхана персоналын вакциналауды аяқтау;
  • барлық білім беру және тәрбие мекемелерінде Ashyq жүйесін енгізу;
  • білім беру мекемелерінде, тамақтану орындарында, корпустарда, аудиторияларда, спорт және акт залдарында, жатақхана бөлмелерінде санитарлық талаптарды сақтау;
  • маска тағу режимін және 1,5 метр әлеуметтік арақашықтықты сақтауды қамтамасыз ету;
  • тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 айда ауырып жазылған адамдарды қоспағанда, 18 жастан асқан студенттерді вакциналау;
  • оқушылар көп жиналатын орындарда – асханаларда, дәретхана бөлмелерінде, рекреацияларда ауа рециркуляторларын орнату.
  • Сондай-ақ, мектептер мен университеттерде балалар кіретін бөлек есік ашу. Бастауыш, орта және жоғары сынып балаларының бөлек кіруін қамтамасыз ету.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети