1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Мемқызметкердің өз лауазымына қаншалықты сай екендігі тексеріледі29 сәуір 2014, 12:05

Бүгінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жаңа тесттерді әзірлеп жатыр. Олар мемлекеттік қызметкерлердің компетенциясын, яғни өз лауазымына қаншалықты сай екендігін көрсететін болады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қазіргі кезде біз мемлекеттік қызметке үміткер азаматтардың компетенциясын бағалауға мүмкіндік беретін тесттерді әзірлеп жатырмыз. Бұл - өте қиын жұмыс. Ел тарихында ондай әлі болмаған. Өткен жылы "А" корпусына іріктеу жұмыстарын жүргізген кезде біз Мемлекеттік басқару академиясының ғалымдары ұсынған жүйені (тесттер - авт.) сынап көрдік. Биыл оны жетекші халықаралық ұйым - Хил интернешнлдың қатысуымен жетілдіріп алдық. Сөйтіп, ағымдағы жылы Қазақстан тарихында алғаш рет отандық тесттерді әзірлеуге бюджет қаржысы бөлінбек. Біз алдымен конкурс өткіземіз. Сосын келесі жылда жақсы бір тесттер дайын болады деген сенім бар. Оған сәйкес, шекті көрсеткіш белгіленеді. Бұл дегеніміз, алдағы жылдан бастап заңдарды білуге қатысты тесттердің саны азаяды", - деп атап көрсетті Ә.Бәйменов бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. 


Нұр-Сұлтанда көпір опырылды