25 маусым 2019 01:16

Мемлекет басшысы Арыс қаласын аралап шықты

Сурет: akorda.kz

Мемлекет басшысы Арыс қаласын аралап шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Арыс қаласын аралап шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қаланы айналып шығу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев оқ-дәрі қоймасындағы жарылыс салдарынан қатты қираған тұрғын үйлер мен әкімшілік нысандарын аралап көрді.

Реклама
Реклама


Сурет: akorda.kz

Қазақстан Президентіне эвакуация жұмыстарының барысы және жарылыс ошақтарын тоқтатып, өртті сөндіру жөнінде мәлімет берілді.

Мемлекет басшысы Ішкі істер органдарының, Қорғаныс министрлігінің, жергілікті атқару органдарының қызметкерлеріне ризашылық білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев бір күннің ішінде өте ауқымды жұмыс атқарылғанын айтты және жұмыстардың осы қарқынын бәсеңдетпей, жалғастыра беруді тапсырды.


Сурет: akorda.kz

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram