08 мамыр 2023 12:42

Мемлекет басшысы "Отан Ана" монументіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақорда Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Отан Ана" монументіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Отан Ана" монументіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президент елордадағы "Отан Ана" монументіне гүл шоғын қойып, Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлеріміздің рухына тағзым етті.

Содан кейін президенттік оркестр Мемлекеттік әнұранды орындап, Құрмет қарауылы ротасы шараға қатысушылардың алдынан салтанатты түрде сап түзеп өтті.

Шара соңында Қасым-Жомарт Тоқаев ардагерлермен әңгімелесті. Президент оларды Жеңіс күнімен құттықтап, барша отандасымызға зор денсаулық, амандық тіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети