28 наурыз 2016 18:50

Мемлекет басшысы Пәкістан президентіне көңіл айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Нұрсұлтан Назарбаев Лахор қаласында болған террорлық актіге байланысты Пәкістан Ислам Республикасының президенті Мамнун Хусейнге көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.


Нұрсұлтан Назарбаев Лахор қаласында болған террорлық актіге байланысты Пәкістан Ислам Республикасының президенті Мамнун Хусейнге көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Жеделхатта көптеген жазықсыз адамдардың қаза болғаны және зардап шеккені туралы қайғылы хабарды Қазақстан Президентінің зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген. Нұрсұлтан Назарбаев қаза болғандардың басым көпшілігі әйелдер мен балалар екенін, бұл жағдайдың ешкімді бей-жай қалдырмағанын айтты.  

"Қазақстан бүкіл әлемдегі қауіпсіздік пен бейбітшілікке зор қатер төндіріп отырған халықаралық экстремизм мен терроризм әрекеттерін үзілді-кесілді айыптайды. Лахордағы жантүршігерлік оқиға қатыгез радикалды топтар мен олардың идеологиясына өркениетті қоғамда орын жоқ екеніне тағы да көз жеткізді", - делінген жеделхатта.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев қаза болғандардың отбасылары мен туған-туыстарына, сондай-ақ барша Пәкістан халқына жеке өзінің және Қазақстан халқының атынан көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді. 

Еске салайық, кеше Пәкістанның шығысындағы Лахор қаласында жанкешті өзін жарып жіберген еді. Жарылысқа жауапкершілікті "Талибан" ұйымы алды.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети