Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Мемлекет оқушылардың бәрін тегін оқулықпен қамтуға міндетті емес

11 Тамыз 2014, 17:01
0
©Ярослав Радловский
©Ярослав Радловский

Мемлекет оқушыларды тегін оқулықтармен қамтамасыз етуге міндетті емес. Бұл туралы Астанада өткен баспасөз мәслихатында Білім және ғылым министрі Есенғазы Иманғалиев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әрбір адам оқулықтарды тегін пайдалануға балалардың белгілі бір санатының - аз қамтылған балалардың, жетімдердің, ата-анасының қарауынсыз қалғандардың құқылы екені көрсетілген нормативтік-құқықтық актілердің барын білуі керек. Бұл санат республика бойынша тегін оқулықтармен 100%-ға қамтылады. Бұл санат бойынша бізде мәселе жоқ. Екінші санат - бұл жыл сайын, тамыз қарсаңында балаларды мектепке апару керектігін еске түсіретін ата-аналар мен жұртшылық, ата-аналар жазды бей-берекет өткізгеннен кейін оқу жылы алдында әбігер басталады, кітап дүкендерінде дүрлігу, оқулық тапшылығы", - деп түсіндірді вице-министр Tengrinews.kz тілшісінің сұрағына жауап бере отырып.

"Оқу жылының аяғына дейін бізде директорлардың бәрі ата-аналар жиналысын өткізіп, сыныптардың қандай авторлар, қандай оқулықтар бойынша дайындалатыны туралы хабарландыру іледі. Бұл жағдайда біз қор бар екенін айтамыз. Алдымен аса мұқтаждар мүмкіндігіне қарай қамтамасыз етіледі. Егер мектеп кітапханасында мүмкіндік болса, ол аса мұқтаждардан соң келесі санатты қамтамасыз ете бастайды. Біз ата-аналарға барлық оқулықты сатып алуға тура келмеуін ойлаймыз. Мысалы, менің ұлым төртінші сыныпқа барады. Алдымен кітапхана қоры оқулық береді, жетпегенін біз сатып аламыз. Шамамен, 60%-дан аспайтын мөлшерде. Ол мектептің қорына байланысты", - деді Иманғалиев.

Шенеуніктердің айтуынша, Астанада мектеп оқулықтарының жетіспеуіне көші-қон процестері себеп болуы мүмкін. "Белгілі бір аумақта оқулықтарға 340 млн резервке алынып қоюы мүмкін, бірақ өткен жылдың көрсеткіші бойынша. Ал биыл мысалы Астанада оқушылардың қатары көбейіп кетті, сондықтан өзгерістер болады", - деді Иманғалиев. 

Еске сала кетейік, ата-аналар блог-платформаларда мектеп оқулықтарымен балалардың бәрінің бірдей қамтамасыз етілмейтінін жазып жатыр. "Бір мектепке көп дегенде 5-6 жиынтық оқулық беріледі, әрине, мектептер оны аз қамтылған және көпбалалы отбасы балаларына бөледі. Неге мұндай жайттар көз алдымызда жасалады, заң бойынша әрбір бала тегін оқулық алуға құқылы емес пе? Неге мен балам оқитын мектеп директорына барып, басымды иіп, тегін оқулық жөнінде көмек бер деп жалынуым керек? Балама оқулық заң бойынша тиесілі болғаннан емес, баламды жалғыз тәрбиелеп отырғандықтан айтып отырмын", - дейді қолданушылардың бірі. 

Астанада өткен баспасөз мәслихатында "Мектепке жол" акциясы аясында 16-23 тамыз күндері орталық алаңда мектеп жәрмеңкесі өтетіні де хабарланды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай