Мемлекеттік кірістер комитеті “борышкер блогерлер“ тізіміне қатысты пікір білдірді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: instagram.com @orkeni, @dariya_aleksandrova, @yelikbayev, Фото: instagram.com @orkeni, @dariya_aleksandrova, @yelikbayev,

Мемлекеттік кірістер комитеті әлеуметтік желілерде тараған блогерлердің тізімі мен олардың болжамды табыстары туралы ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекеттік кірістер комитеті әлеуметтік желілерде тараған блогерлердің тізімі мен олардың болжамды табыстары туралы ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство бұл тізімнің ресми құжат емес екенін және жүргізіліп жатқан салықтық тексерулерге қатысы жоқ екенін атап өтті.

"Әлеуметтік желілерде тараған тізім – мемлекеттік кірістер органының салықтық бақылау аясында жасалған акт емес", – деп мәлімдеді комитет өкілдері.

Дегенмен, блогерлердің деректері салық органдарынан желіге қалай тарағаны белгісіз күйінде қалып отыр. Бұған дейін тізімдегі бірнеше инфлюенсер салық органдарынан хат алғандарын және оларды жасырған табыс сомалары бойынша айыптауларды растаған.

Біз бұл мәселе бойынша Ішкі істер министрлігіне ресми сұраныс жолдадық.

Еске сала кетейік, Қазақстан блогерлеріне миллиардтаған теңге болатын салық берешегі туралы хабарламалар жаппай келіп жатыр. Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, 594 адам өз кірістерін 53,3 миллиард теңгеге төмендетіп көрсеткен. Блогер Алишер Елікбаев өз парақшасында кейбір әріптестеріне есептелген қосымша салық сомасы 300 миллион теңгеден асатынын жазды. Бұл олардың болжамды қаржылық айналымы шамамен 1 миллиард теңгені құрауы мүмкін екенін білдіреді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 510.51  course up  572.36  course up  6.34  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer