23 желтоқсан 2016 16:22

Мемлекеттік қызметке тұруға қандай талаптардың қойылатыны белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz  мұрағатынан Tengrinews.kz мұрағатынан

Мемшлекеттік қызметке ұсынылған кандидаттарға біліктілік талаптары белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап. 


Мемшлекеттік қызметке ұсынылған кандидаттарға біліктілік талаптары белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап. 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік қызмет департаментінің директоры Мақсұт Өтешев білімге талаптар лауазым деңгейіне байланысты орнатылатынын айтты.

"Біліктілік талаптары әрбір мемлекеттік органмен дербес жасалады және міндетті түрде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен келісуге жатады. Біліктілік талаптары барлық мемлекеттік лауазымдарға білімі, еңбек өтілімі және құзыреттілігі бойынша бірыңғай талаптар орнатады. Бірқатар лауазымдарға, мысалға, ауылдық және аудандық деңгейлерге ортадан кейінгі және техникалық пен кәсіби білімдер рұқсат етіледі. Бірқатар лауазымдар, мысалға, орталық деңгейде үміткермен Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында оқу өткергендігі немесе шетелдік білімі бар болуыескерілуі мүмкін. Мұндай білімі бар мемлекеттік лауазымға үміткерлерге мемлекеттік қызметте еңбек өтілімінің қысқалау мерзімі талап етіледі (мысалға 5 жылдың орнына 3 жыл мемлекеттік қызметтегі өтілім)", - делінген хабарламада.

Мемлекеттік қызметке үміткерлерге жұмыс өтілімі маңызы аз емес екені аталды. Қазір мемлекеттік қызметке мемлекеттік емес мекемелерде, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдарда жұмыс өтілімі бар азаматтар түсе алады. Мансаптық үлгі икемділігін қамтамасыз ету және жеке сектордан дарындыларды тарту үшін мемлекеттік органдар міндеттерімен ұқсас қызмет салаларында жұмыс өтілімі бар азаматтар арасында "ашық" іріктеу жүргізу қарастырылған.

Сонымен бірге, мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру бойынша жаңа тәсілдерді іске асыру үшін жаңарған біліктілік талаптарда төменгі тұрған лауазымда бір жылдан кем емес өтілімі болған жағдайдағы мемлекеттік қызметте кезең-кезеңімен жылжыту тетегі енгізілгендігін атап өту керек. Аталған сараптаманың негізінде, ендігі кезекте әскери қызметінде, Парламент пен маслихат депутатының мәртебесіндегі, сот және халықаралық қызметкерлері мәртебесіндегі жұмыс өтілі ескерілетін болады екен.

Аталған жылы квалификациялық талаптарға "біліктілік" деген жаңа ұғымы енгізілді. Бұл әрбір қызметкерлерге тиімді жұмыс жасау үшін  қажетті білім мен дағдылардан тұратын жиынтық.

Мемлекеттік қызметке түсушілерге арналған квалификациялық жаңартылған талаптар мемлекеттік қызметке өтуде тең мүмкіндік алуға және мемлекеттік қызметкерлердің тиімді жұмыс атқару үшін кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети