Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Мемлекеттік қызметкерлердің табысы жеке сектордағы жалақының 70 пайыз деңгейінде бола алады - Назарбаев

05 Мамыр 2015, 15:48
3
© Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Мемлекеттік қызметкерлердің табысы жеке сектордағы жалақының 70 пайыз деңгейінде бола алады. Мұндай болжамды Нұрсұлтан Назарбаев жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президент Ақордада өткен үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы олардың еңбек нәтижесіне сәйкес болатынын мәлімдеді. "Мөлшерлеп болжам жасайық, жалақы жеке сектордағы 70 пайыз деңгейде болуы тиіс. Әрі қарай көре жатармыз, бірақ бұл 70 пайыз үстемені әрбір министрлік, ведомство іштен табуы керек. Біз министрлерге, ведомство басшыларына оларға бөлінген бюджетті өздерінің шешуіне рұқсат етеміз. Егер ол жұмысты үш емес бір адам істейтін болса - мархабат, істеңдер, жалақыны көтеріңдер", - деді Президент.

Оның мәлімдеуінше, мұның барлығы бюджетке шығын келтіреді, бірақ іс үшін соған бару керек.

"Бұл дегеніміз, мемлекеттік қызметкерлерде кірістің екі түрі болады - негізгі жалақы, ал екінші жалақы - жұмыстың нәтижесіне қарай берілетін бонустар", - деді Мемлекет басшысы. 

Еске сала кетейік, 29 сәуірде Астанада Президентті ұлықтау рәсімі өтті. Осыдан кейін Мемлекет басшысы министрлер кабинетінің өкілеттігін доғаруға байланысты "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" жарлыққа қол қойды. Сонымен қатар, облыс әкімдері және Астана мен Алматы қалаларының басшылары отставкаға кетіп, Президентке тікелей бағыныстағы және оған есеп беретін мемлекеттік органдар басшыларын қызметінен босатылды. Кейін Мемлекет басшысы премьер-министр қызметіне Кәрім Мәсімовты ұсынды. Бұдан кейін Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаттары премьер-министрлікке ұсынылған Кәрім Мәсімовтің кандидатурасын мақұлдаған болатын. Кейін қазақстандық үкіметтің құрамы өзгеріссіз қалыпта жұмысынын жалғастыратыны белгілі болды.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (3)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай