29 сәуір 2015 15:40

Депутаттар Қазақстан премьер-министрі қызметіне Мәсімовтің кандидатурасын мақұлдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кәрім Мәсімов. © ortcom.kz Кәрім Мәсімов. © ortcom.kz

Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаттары премьер-министрлікке ұсынылған Кәрім Мәсімовтің кандидатурасын мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен Мәжілісте республика Парламенті палаталарының бірлескен отырысы өтті.


Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаттары премьер-министрлікке ұсынылған Кәрім Мәсімовтің кандидатурасын мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен Мәжілісте республика Парламенті палаталарының бірлескен отырысы өтті.

Еске сала кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Ақордада Парламент Мәжілісі фракциясының басшыларымен кездесуі барысында Үкімет басшысы қызметіне Мәсімовті ұсынды.

Бүгін, Астанадада өткен Қазақстан Президентін ұлықтау рәсімінен кейін министрлер кабинетінің мүшелері қайта сайланған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа жазылған өкілеттікті доғару туралы жазбаша өтінішке қол қойды.

Айта кетейік, Кәрім Мәсімов 1965 жылы туылған. Ол еңбек жолын ҚР Еңбек министрлігінде бас экономист, бөлім бастығы болып бастады. Кейін республиканың Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігінің Үрімші қаласындағы (ҚХР) өкілдігінің бас маманы, Қазақстан сауда үйінің Гонконгтегі атқарушы директоры болды. Алматы сауда-қаржы банкі және Қазақстан халқы жинақ банкі басқарма төрағасы қызметтерін атқарды.

Әр жылдары ҚР Көлік және коммуникация министрі, ҚР Премьер-министрінің орынбасары, ҚР Президентінің көмекшісі, Премьер-министрдің орынбасары - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі болып тағайындалды. 2007 жылдың қаңтар айынан бастап, ҚР Премьер-министрі, 2012 жылдың қыркүйегінен бері ҚР Президенті Әкімшілігінің жетекшісі қызметтерін атқарды.

2014 жылы сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті Кәрім Мәсімовті Қазақстан Республикасының Премьер-министрі қызметіне тағайындау туралы жарлыққа қол қойды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети