24 ақпан 2017 19:30

Мемлекеттік қызметкерлерге сыйлық жасаған Павлодар облысының үш тұрғыны жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекеттік қызметкерлерге сыйлық жасаған Павлодар облысының үш тұрғыны жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің брифингі барысында белгілі болды.

Өңірлік департамент басшысы міндетін атқарушысы Тыныштық Жүсіповтің айтуынша, заңбұзушыларды Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтегілердің көмегімен әшкерелеу мүмкін болған.

"Биыл лауазымды тұлғаға заңсыз түрде ақшалай сыйықы берген үш дерек анықталды", - деді Жүсіпов. Осы деректер бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды. ІС Павлодардың мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді. Мемлекеттік қызметкерлерге сыйлық жасағандарға 200 айлық есептік көрсеткіш ретінде айыппұл салынды. Айыппұлдың жалпы сомасы - 1 361 400 теңге. Сондай-ақ, сыйлық алған мемлекеттік қызметкерлер де әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға 600 айлық есептік көрсеткіш ретінде айыппұл салынды. Қазіргі уақытта осыған ұқсас тағы бір дерек сотта қаралып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети