Мемлекеттік қызметшілер өз салмағын қадағалауы керек пе: МҚІА өкілі жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекеттік қызметшілер өз салмағын қадағалауы керек пе: МҚІА өкілі жауап берді Фото © Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің сырт келбетіне немесе физикалық дайындығына қатысты бірыңғай стандарттар енгізу жоспарланып отыр ма деген сауалға Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Салауат Мүксімов жауап берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің сырт келбетіне немесе физикалық дайындығына қатысты бірыңғай стандарттар енгізу жоспарланып отыр ма деген сауалға Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Салауат Мүксімов жауап берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Талқылауға мемлекеттік қызметшілер туралы қалыптасқан стеротиптер себеп болған. Журналистер Агенттік басшысының орынбасарынан мемлекеттік қызметшілер үшін де, қызметтік міндеттерін орындауға тікелей қатысты болатын күш құрылымдарындағы сияқты физикалық формаға қойылатын талаптар енгізіле ме деп сұрады.

"Қорғаныс министрлігінде қызметкерлердің физикалық формасына қойылатын талаптар бар, бұл имиджге оң әсер етеді және жұмыс үшін қажет. Полиция қызметкері қылмыскерді қуып жетуі үшін ол артық салмақты болмауы тиіс. Мемлекеттік қызметшілер үшін де сырт келбет бойынша стандарттар енгізіле ме?" - деп сұрады журналистер Сенатта өткен брифингте.

Мүксімовтің айтуынша, қолданыстағы заңнамада мемлекеттік қызметке үміткерлердің денсаулық жағдайына қойылатын талаптар қазірдің өзінде бар. Ол Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен аурулардың тізбесі барын атап өтті.

Мүксімовтің сөзінше, наркологиялық немесе психиатриялық есепте тұрған адамдар мемлекеттік қызметке жіберілмейді.

Бұдан бөлек, мемлекеттік қызмет жүйесінде қызметшілердің жекелеген санаттары үшін шектеулер қазірдің өзінде қолданыста.

"Есірткі заттарын қолданатын және оған тәуелді адамдар мемлекеттік қызметке қабылданбайды", - деді Мүксімов.

Сондай-ақ, оның сөзінше, шектеулер лудоманиямен (құмар ойындарға тәуелділік) ауыратындарға да қатысты.

"Құмар ойындарға бейімділігі бар немесе сондай дертке шалдыққандар, яғни лудомандар бар. Олар үшін бүгінде тыйым салынған", - деп толықтырды Мемлекеттік қызмет істері агенттігі басшысының орынбасары.

Мемлекеттік қызметке тұру кезінде үміткер ойын мекемелеріне барудан бас тарту туралы міндеттемеге қол қоюы тиіс - тиісті өтініш тіркеледі, содан кейін оның мұндай ойындарға қатысуына тыйым салынады.

Сонымен қатар агенттік барлық мемлекеттік қызметші үшін сырт келбетке немесе физикалық формаға қатысты бірыңғай талаптар енгізу жоспарда жоқ екенін баса айтты.

"Мемлекеттік қызметшілерге мұндай талаптар, тыйымдар мен шектеулер тек олардың лауазымдық міндеттерінің сипаты мен талаптарына қарай ғана қойылуы мүмкін", - деп түйіндеді Мүксімов.

Дегенмен, брифинг барысында шенеуніктердің сырт келбетіне қойылуы мүмкін талаптар туралы сұраққа нақты жауап берілген жоқ. Агенттік өкілі денсаулыққа және мемлекеттік қызметке қабылдау кезіндегі шектеулерге байланысты қолданыстағы нормаларды сипаттады.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 463.09   541.61   6.19 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер