24 қараша 2021 09:41

Мемлекеттік тіл - тәуелсіздік тірегі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Шымкент қаласы әкімдігінен Фото: Шымкент қаласы әкімдігінен

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай бекіткен "30 жылдыққа - 30 жұлдызды күн" іс-шаралар жоспары аясында Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының Тілдерді Оқыту-Әдістемелік Орталығы "Мемлекеттік тіл - тәуелсіздік тірегі" атты этнос өкілдері арасында қалалық байқауын ұйымдастырып өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мақсаты-қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, мәртебесі мен мерейін арттыру. Үш кезеңнен (сәлемдесу, өнертаным, мақал-сөздің мәйегі) тұратын байқауда бас-аяғы 11 қатысушы бақтарын сынады. Нәтижесінде бас жүлде 35748 әскери бөлімінің қызметкері Учкун Турсункуловқа бұйырды.

Жүлделі I орыннан 6698 әскери бөлімінің қызметкері Нураддин Мұстафаев көрінсе, II орын А.Макаренко атындағы нөмірі 41 мектептің ұстазы Диана Рафаиловнаға бұйырды. III орынға М.Дулати атындағы нөмірі 8 мектептің оқытушысы Оксана Прохоренко лайық деп танылды. Орын алмаған басқа қатысушыларға алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлықтары берілді.

Айта кету керек, аталған байқауға белгілі кәсіпкер, Балл текстиль кілем зауытының басшысы Талгат Исхахов, қалалық мәслихаттың депутаты Лазиз Сулайманов қолдау көрсетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети