11 қаңтар 2017 | 13:36

Меморгандар тарапына бірқатар сын айтылуына түсіністікпен қарауға болады - Абаев уақытша тіркеу жайлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Дәурен Абаев қазақстандықтарға уақытша тіркелуге берілетін уақытты қалай қысқартатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Дәурен Абаев қазақстандықтарға уақытша тіркелуге берілетін уақытты қалай қысқартатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қымбатты достар, соңғы күндері ең көп талқыланған мәселенің бірі азаматтарды міндетті түрде уақытша тіркеу нормасы болғаны белгілі. Бұл мәселенің қоғамда қызу талқыланып, меморгандар тарапына бірқатар сын айтылуына түсіністікпен қарауға болады. Өкінішке қарай, кейбір қажетті шаралардың дер кезінде атқарылмауы көрініс тапты. Әрине, Заң қабылданған соң, оның жүзеге асуы шарт. Ендігі жерде басты міндетіміз - азаматтардың тіркеуден өтуіне барынша қолайлы жағдай жасау. Міне, осы мақсатта біз ХҚКО-лар қызметкерлерінің жұмыс күнін ұзарттық. Бұған қоса, олар азаматтарды демалыс күндерінде де, яғни 7-8 қаңтарда да қабылдады. Әрине, аталған шара еңбек заңнамасы сақтала отырып, жүзеге асырылды", - деп жазды министр Facebook желісіндегі парақшасында.

Сонымен қатар, Дәурен Абаев операция залдарында көші-қон полициясы қызметкерлеріне арналған жұмыс орындарының көбейтіліп, ХҚКО қызметкерлерінің ауысым графигіне өзгертулердің енгізілгенін айтты. Оның айтуынша, 9 қаңтардан бастап азаматтарды жылжымайтын мүлкінің орналасқан орнына қарамастан тіркеу мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

"Халық тығыз орналасқан Алматы мен Шымкент қалаларына мобильді ХҚКО-лар жіберілді. Олар әскери бөлімдер мен тұрғын саны көп аудандарды қызметпен қамтамасыз етуде. Тіркеуге қатысты барлық сұрақтарыңыздың жауабын Бірыңғай байланыс орталығының 1414 нөмірі арқылы алуларыңызға болады. Әрине, әлі де бірқатар мәселелердің бар екені рас, оларды жақын уақытта реттеу көзделуде. Ең алдымен, шамамен бір ай ішінде "онлайн" режимінде тіркелу мүмкіндігі қолжетімді болмақ. Сонымен бірге, азаматтардан міндеті түрде 2-форма бойынша (жылжымайтын мүлікке құқық туралы) анықтаманы талап етуді алып тастау жоспарлануда. Бұл тіркелу процесін 2 есеге дейін азайтар еді", - деп жазды министр.

Сондай-ақ, ол министрліктің ХҚКО-лардың мәліметтер базасына әкімдіктердің қолжетімділігін қамтамасыз етуді ұсынып отырғанын айтты. "Бұл әкімдікте жәрдемақы рәсімдеуші азаматтардың қажетті анықтамаларды сол жерден алуына мүмкіндік бермек. Осы қадам ХҚКО-лар жүктемесін азайтатыны анық. Сөз соңында, біз азаматтарды қалыптасқан жағдайға түсіністікпен қарауға шақырамыз. Ал, министрлік өз тарапынан мәселелердің реттелуіне күш салатын болады", - деді Ақпарат және коммуникация министрі.

Еске сала кетейік, кеше үкімет отырысы барысында Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовты уақытша тіркеуге байланысты туған дүрлігу үшін сынға алған болатын. "Тағы бір мәселе - азаматтарды уақытша тіркеуді енгізу". ХҚКО-ларда қандай жағдай болып жатқанын көріп отырмыз. Мәлімет аз, сұрақ көп. Біздің меморгандар түсіндіргісі келеді, бірақ халық оны қабылдамай жатыр", - деген еді Сағынтаев.

Cондай-ақ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Аронова уақытша тіркеуге байланысты туған дүрлігуге қатысты пікір білдірген еді. "Өкінішке қарай, алдын ала ештеңе де ойластырылмаған болып шықты. Енді ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев айтып өткендей, қажетті шараларды қолдану керек болып жатыр", - деді Аронова.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети