11 қаңтар 2017 10:45

Депутат уақытша тіркелуге халықтың неліктен наразы екенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Аронова уақытша тіркеуге байланысты туған дүрлігуге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Аронова уақытша тіркеуге байланысты туған дүрлігуге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Депутаттың айтуынша, сайлаушылардың көбі ішкі көші-қонды реттеу мәселесін қолдайды. "Біз кеше Қостанайда еңбек ардагерлерімен кездестік, адам көп болды. Халықтың бұл нормаға түсіністікпен қарайтынын айту керек. Ал олардың дүрлігуінің себебі, меніңше, уақытша тіркеудің енгізілуінде емес, керісінше атқарушы органдардың жаңа заңның жүзеге асырылуын нашар қадағалауында. Сондай-ақ, норманың дұрыс түсіндірілмеуінде", - деді депутат Аронова.

Оның айтуынша, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы мен әкімдіктегілер азаматтарға тіркелу үшін қолжетімді әрі барынша қолайлы жағдайды жасауы керек болатын. "Өкінішке қарай, алдын ала ештеңе де ойластырылмаған болып шықты. Енді ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев айтып өткендей, қажетті шараларды қолдану керек болып жатыр", - деді Аронова.

Еске сала кетейік, кеше Үкімет басшысы ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовты уақытша тіркеуге байланысты туған дүрлігу үшін сынға алған болатын. "Тағы бір мәселе - азаматтарды уақытша тіркеуді енгізу". ХҚКО-ларда қандай жағдай болып жатқанын көріп отырмыз. Мәлімет аз, сұрақ көп. Біздің меморгандар түсіндіргісі келеді, бірақ халық оны қабылдамай жатыр", - деген еді Сағынтаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети