Ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов Денис Теннің өліміне полицейлер кінәлі болса кешірім сұрауға дайын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов Денис Теннің өліміне полицейлер кінәлі болса кешірім сұрауға дайын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Әрине, ІІМ қызметкерлері жасаған бір қылмыстың өзі бүкіл министрлік жүйесіне дақ түсіреді. (...) Біздің қызметкерлердің көбі адал жұмыс істейді, сол үшін оларға алғыс айтамын. Олардың басым бөлігі өз қызметтерін атқарып жатыр", - деді Жақыпов.
"Қызметтік міндеттерін атқарып жатып қаза болған полицейлер - осының көрсеткіші. Мен ақталғым кемейді - біз бөлімдегілермен жұмыс жүргізіп жатырмыз, әлі де жүргіземіз, кемшіліктерді жоямыз. (...) ", - деді министрдің орынбасары.
Сондай-ақ, Жақыпов ІІМ басшылығы қандай жағдайларда кешірім сұрауға дайын екенін айтып өтті.
"Кешірім сұрау немесе сұрамау - заң тұрғысындағы аспектілер емес... Қазақстан полициясы бүкіл әлемнің полициясы секілді елді тәртіппен қамтамасыз етуге жауапты десек, біз жауапкершілікті алуға дайынбыз. Егер бүгін Ішкі істер министрлігі қамтамасыз етпеді десе, ІІМ-нің қауіпсіздік жауапкершілігі жайындағы сұрағы біздің құзыретімізде емес", - деді Жақыпов брифинг барысында журналистердің сұрағына жауап бере отырып.
"Мен министрдің орынбасары ретінде жауапкершілікті өзіме алуым керек шығар, моральдық тұрғыдағы жауапкершілікті. Бірақ елде болып жатқан нақтылы бір қылмыс үшін, тіпті ол елдің назарын аударған қылмыс болса да жұрт алдына шығып, кешірім сұрауға келсек... Қылмыс полицияның кесірінен болса, әңгіме жоқ, біз кешірім сұрауға дайынбыз. Менің кешірім сұраған жағдайларым да болған, жасыратыны жоқ. Қоластымдағылар кінәлі болған", - деді Рашид Жақыпов Ішкі істер министрлігінің брифингі барысында.
Мұның алдында Денис Тенді нақты кім пышақтағаны айтылған болатын. Алматы полицейлері Денис Теннің өліміне қатысты тергеудің қалай жүргізіліп жатқанын айтып берген еді.
Еске салайық, 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды.
Кейінірек қоғам белсенділері ІІМ мен ІІД басшылығын ауыстыруды талап ететіндерін мәлімдеген еді.