"Мен оған ескерттім, ол болса күліп қарады". Астана маңында болған қайғылы оқиғаның мән-жайы

19 Шілде 2018, 14:03
0
"Мен оған ескерттім, ол болса күліп қарады". Астана маңында болған қайғылы оқиғаның мән-жайы -

"Түлпан" бақ шаруашылығының төрағасы Владимир Гапонов Астана маңында болған қайғылы жағдайдың мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске сала кетейік, әйел адам мен оның екі қызы кілем жуып жатып қайтыс болған еді. Владимир Гапоновтың айтуынша, ол әйел мен оның қыздарын қайғылы жағдай болмай тұрып көрген.

"Сол күні түске қарай жарық өшіп қалған болатын. Біз сорғыны жабуға бардық. Жол-жөнекей әйел мен балаларды көрдік. Әйел кілем жуып жатты. Содан мен оған жақындап "мұнда кір жуып, шомылуға болмайтынын білесіздер ғой" деп айттым. Ол болса маған күліп қарап "Білеміз" деп жауап берді. Мен оған кілемді кран суына да жууға болатынын айттым. Ол болса онда судың қатты салқын екенін, ал арнада судың жылы екенін айтып түсіндірді. Кілемді сусабынмен жуып жатты. Қасында қыздары көмектесіп тұрды. Мен оған ескерттім, ол күліп қарады да қойды", - дейді ер адам.

"Содан біз ол жақтан кеттік, жаңбыр басталып кетті. Сорғыны жауып, қайтып келе жаттық, қарасақ біз болған жерде құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Ол кезде мен құтқарушылар жаққа бармадым. Бұл жайлы тек келесі күні білдім", - дейді ол.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай