Мен Сүлеймен Демирелді адал әрі сенімді дос ретінде құрмет тұттым - Назарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мен Сүлеймен Демирелді адал әрі сенімді дос ретінде құрмет тұттым - Назарбаев © anspress.com

Мемлекет басшысы Түркияның тоғызыншы президенті Сүлеймен Демирелдің қайтыс болуына байланысты Түркия Республикасының президенті Режеп Тайып Ердоғанға көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Түркияның тоғызыншы президенті Сүлеймен Демирелдің қайтыс болуына байланысты Түркия Республикасының президенті Режеп Тайып Ердоғанға көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Президентінің көңіл айту жеделхатында түрік халқының ғана емес, барша түркі әлемінің мақтанышы болған, дүниежүзілік деңгейде кеңінен танымал саяси және мемлекет қайраткерінің өмірден озғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген.

"Мен Сүлеймен Демирелді адал әрі сенімді дос ретінде құрмет тұттым. Біз жиі кездесіп, пікір алмасып отырдық, көптеген игі бастамаларға жол аштық. Қазақстан халқы оны парасатты басшы, кемеңгер көсем, Қазақстан мен Түркия арасындағы бауырластық қарым-қатынастарға зор еңбек сіңірген тарихи қайраткерлер қатарындағы көрнекті тұлға ретінде әрдайым есте сақтайды", - делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтардың және жеке өзінің атынан Ердоғанға және бүкіл Түркия халқына шын ниетпен көңіл айтты.

Еске сала кетейік, Түркияның бұрынғы президенті Сүлеймен Демирел 91 жасында Анкарада қайтыс болды. Сүлеймен Демирел 13 мамырда Анкарадағы ауруханалардың біріне жатқызылған, дегенмен саясаткердің жағдайы кенеттен нашарлады.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети