Түркияның бұрынғы президенті Сүлеймен Демирел қайтыс болды

17 Маусым 2015, 09:04
0
Түркияның бұрынғы президенті Сүлеймен Демирел қайтыс болды - © Superhaber.tv
© Superhaber.tv

Түркияның бұрынғы президенті Сүлеймен Демирел 91 жасында Анкарада қайтыс болды, - деп хабарлайды Daily Sabah.

Сүлеймен Демирел 13 мамырда Анкарадағы ауруханалардың біріне жатқызылған. Саясаткердің жағдайы кенеттен нашарлап, қайтыс болды.

Сүлеймен Демирел 1993-2000 жылдар аралығында Түркияның президенті қызметін атқарды. Ол елдің премьер-министр қызметіне бес рет тағайындалған. Сүлеймен Демирел Әділдік Партиясының (ӘП) негізін қалаушылардың бірі, ол елді индустрияландыратын экономикалық бірнеше реформа жүргізді.

Қазақстанда Сүлеймен Демирелдің құрметіне аталған университет бар. Жоғарғы оқу орны Алматы облысындағы Қаскелең қаласында орналасқан. Университет 1996 жылы ашылды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай