Кербұлақ ауданының әкімдігінде мемлекеттік қызметшілер мен жергілікті тұрғындар арасында жанжал орын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Кербұлақ ауданының әкімдігінде мемлекеттік қызметшілер мен жергілікті тұрғындар арасында жанжал орын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды. Кадрларда мемлекеттік қызметші мәселені өздері шешуі үшін аудан тұрғындарына өз креслосына отыруды ұсынады.
"Менің орныма отыр. Көрейік", - деді мемлекеттік қызметкер.
Жиналғандардың бірі мұндай ұсыныстан бас тартқан жоқ. Алайда ол орындыққа отырғысы келген сәтте шенеунік пен ауыл тұрғыны арасында жанжал шыққан.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Кербұлақ ауданының әкімдігі облыс әкімінің орынбасары видеоға түсіп қалғанын хабарлады. Әкімшіліктің мәліметінше, 24 қазанда Қаспан ауылдық округінде жергілікті тұрғындарға тегін көмір жеткізу ұйымдастырылған. Ауыл тұрғындарының бірі үйіне уәде етілген көмір түспегенін айтып, облыстық әкімдікке жүгінген.
"Облыс мәслихатының хатшысы, "Нұр Отан" партиясы филиалының бірінші орынбасары Қамамбаеваның қатысуымен өткен азаматты қабылдау барысында ішкі саясат бөлімінің басшысы кезектілік тәртібіне байланысты Көмір қоймалары дайындалған тізім бойынша рет-ретімен беріледі. Жауапқа қанағаттанбаған азамат Жанатаева ашуланып, көмірді тегін жеткізуді талап етіп, аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Әденовке балағат сөздер айтты. Кербұлақ ауданының қоғам қайраткерлері Е.Сансызбаев, Б.Бейісбековтер аудан әкімдігінің ғимаратына келіп, жанжал тудырды", - деп хабарлады әкімдік.
Әкімдік Жанатаеваның көмірі 25 қазан күні сағат 17.00-де жеткізілгенін айтты. Сонымен қатар, департамент қызметтік тексеру басталғанын хабарлады.
"Қолданыстағы карантиндік шектеулерге байланысты аудан әкімдігінің ғимаратына кіру шектелген және азаматтарды қабылдау алдын ала жазылу бойынша, сондай-ақ Ashyq бағдарламасы бойынша жүргізіледі. Қоғамдық белсенділер күзет қызметі қызметкерлерінің ескертулерін ескермей, аудан әкімінің орынбасарына кіріп барған", - деп толықтырды әкімдікте.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!