28 қазан 2021 09:29

"Менің орныма отыр". Шенеунік әкімдіктегі төбелес неден басталғанын айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысы Кербұлақ ауданы әкімінің орынбасары Нұрлан Әденов жергілікті тұрғындармен төбелес неден басталғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысы Кербұлақ ауданы әкімінің орынбасары Нұрлан Әденов жергілікті тұрғындармен төбелес неден басталғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұрлан Әденовтің айтуынша, оқиға 25 қазанда Сарыөзек ауылында көмірге сұраныс артуына байланысты болған. Ол кейбір тұрғындар отынды алдын ала дайындамай, күн суыта бастағанда сұраныс күрт артатынын айтты.

"Мұндай жағдай бізде ғана емес, республика бойынша бар мәселе. Екі аптадан кейін жағдай түзеледі. Тек шыдамдырақ болу керек. Сарыөзекте көмір үнемі болатын, өйткені теміржол қала арқылы өтеді. 

Таңертең маған Гүлмира Жанатаева есімді әйел келді, күйеуі мүгедек, мүмкіндігі шектеулі баласы бар. Ол жылап келіп, көмір сұрады. Біз онымен көмір жеткізіп береміз деп келістік. Кейін ол кетіп қалды. Осы уақытта көшеде екі қоғам белсендісі көмір мәселесі бойынша жиын өткізіп жатқан еді, бірақ оларға ешкім бармаған. Олар әйелді кездестіріп, маған бірге келген көрінеді", - деді әкім орынбасары.

Әкім орынбасарының айтуынша, жанжал басталғанға дейін тұрғындармен әңгіме 40 минутқа созылған

"Олар ұрыс шығарып, дауыс көтерді, не айтсақ та тыңдамады, "жемқор" деп айып тақты. Оларға көмір сататын жерлердің бәрі жекеменшік екенін, бағасын да реттей алмайтынымды түсіндірдім.  Сарыөзекке вагондар жартылай бос келеді, өйткені тауардың бір бөлігін басқа жерлерде сатады. Бәрін түсіндіруге тырыстым. Бірақ олар дауласа бастады. Соңында "біз ештеңе істемей отыра береміз деп ойлайсыңдар ма? Бәрің сондай ақылды болсаң, менің орныма отырып, жұмыс істе" дедім. Мен оны эмоциямен айттым.

Ол келіп киімімнен ұстап, жағама жармасты. Мәслихат хатшысы екеумізді ажыратып жатқан кезде де басымнан ұрып жіберді. Мен патруль шақырдым, арыз жаздым. Әкімшілік іс қозғалды. Олардың көзінше сот-медициналық сараптамадан бас тарттық. Содан кейін олар әлеуметтік желілерде қудалай бастады. Бұл іс жүзінде арандату", - деді Нұрлан Әденов.

Облыс әкімінің орынбасары оған қатысты қызметтік тексеру жүргізіліп жатқанын да айтты.

"Маған қатысты қандай шара қолданылады, мен бәрімен келісемін, тіпті жұмыстан шығуға дейін. Ширек ғасыр бойы жұмыс істеп келемін.(...)

Менімен жанжалдасқан адам бір жарым жылдан бері әлеуметтік желіде мені балағаттап, барлық құзырлы орынға хат жазып жүр. Тіпті бір басылымға байланысты оны сотқа бердім. Қазір сот процесі жүріп жатыр. Ол бірде-бір кездесуге қатысқан жоқ", - деді Әденов.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ТАЛДЫКОРГАНЕЦ (@taldykorganec.insta)

Айта кетейік, мемлекеттік қызметшілер мен жергілікті тұрғындар арасында жанжал Кербұлақ ауданы әкімдігінде болған.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды. Кадрларда мемлекеттік қызметші мәселені шешу үшін аудан тұрғындарына өз орнына отыруды ұсынады. Жиналғандардың бірі мұндай ұсыныстан бас тартпайды. Алайда ол орындыққа отырмақ болған сәтте шенеунік пен ауыл тұрғыны арасында жанжал шыққан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети