Парламент Мәжілісінің вице-спикері Владимир Божко елорданың атауын өзгертуге ешқандай кедергі жоқ деп есептейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Парламент Мәжілісінің вице-спикері Владимир Божко елорданың атауын өзгертуге ешқандай кедергі жоқ деп есептейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Еске салайық, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне Нұрсұлтан деп атауды ұсынды.
"Жаңа Президент ұсынды, бұл заң аясында қабылдануы тиіс. Парламент бұл ұсынысты бірауыздан қолдайды деп ойлаймын. Бізге не кедергі. Елбасы өзі Президент болып тұрған кезінде олай істеуге рұқсат бермеді. Ал жаңа Президент Тоқаев осындай шешім шығаруға ұсыныс айтуға толық құқығы бар. Меніңше, бұл шешім қабылданады", - деді Владимир Божко Мәжіліс кулуарында.
Еске салайық, 19 наурызда Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін тоқтатқанын мәлімдеген болатын. Бұл туралы ол республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына арналған мәлімдемеcінде айтты. Президент келесі сайлау мерзіміне дейін өкілеттігін Сенат төрағасына тапсырды.
Бүгін, 20 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті болды.
"Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Конституция мен Қазақстан Республикасының заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқығы мен бостандығына кепіл беруге, Қазақстан Республикасының Президенті ретінде жүктелген міндеттерді адал атқаруға салтанатты түрде ант беремін", - деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев.