Меркіде білім ордасы пайдалануға берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Меркіде білім ордасы пайдалануға берілді

Бүгін Меркі ауданында "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасы аясында бой көтерген білім ордасының ашылу рәсімі өтті.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін Меркі ауданында "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасы аясында бой көтерген білім ордасының ашылу рәсімі өтті.

Андас батыр ауылдық округі, Гранитогор ауылында 120 орындық мектеп құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

Салтанатты сәтте аудан әкімі Мейірхан Өмірбек сөз сөйлеп, аудандағы биылғы жылы атқарылған жұмыстарға тоқталды

Биыл Меркі ауданында мемлекеттік бағдарламалар аясында ауданда төрт мектеп күрделі жөндеуден өтсе, бір білім ордасы бой көтеріліп, беріліп отыр.

Ауылдың қариялары мен тұрғындары сапалы, заманауи талаптарға сай соғылған мектепке ризалықтарын білдірді.
Жобалық құны 505 миллион теңге болған нысанды "Темір-Строй Сервис и К" компаниясы 20 мамырдан құрылысын бастап, алты айдан аса уақыт құрылыс жұмыстарын жүргізген.

Салтанатты ашылу сәтінде ауыл қариясы Кенбаев Үсен сөз сөйлеп, ақ батасын берді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 520.22  course up  609.26  course up  6.58  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети