Министр Абаев Георгий лентасы туралы пікірін айтты

12 Мамыр 2017, 11:37
0

Қазақстанның ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев көгілдір және Георгий лентасы туралы пікірін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министр заманауи қазақстандыққа көгілдір лентаны жақынырақ деп есептейтінін, алайда қандай түсті жолақ тағатынын әркім өзі шешетінін айтты. 

"Азаматтарымыздың 99 пайызы 9 мамыр - Жеңіс Күнін біледі. Осы мерекені барлығымыз жақсы көреміз әрі құрметтейміз - бұл бастысы. Қалғаны, меніңше, саясаттан шығып отыр. Басты идеология осы мерекені жақсы көріп, есте сақтауымызда және жыл сайын атап өтетінімізде. Жыл сайын Мемлекет басшысы Мәңгілік алауға гүл қойып, ардагерлерді құттықтайды", - деді министр "Хабар" арнасындағы "Открытый диалог" жобасының аясында.

Сондай-ақ, Дәурен Абаев "Мәңгілік полк" акциясын қолдайтынын жеткізді. 

"Мәңгілік полк маршына қатысты менің ұстанымым - қолдаймын, себебі бұл марш майданда қаза тапқан ата-бабамызды немесе Ұлы Отан соғысында қызмет еткендерді еске алу, бұл маңызды", - деді ведомство басшысы.

Дәурен Абаев Георгий жолағы мен көгілдір лентаға қатысты жағдайға пікірін айтты. 

"Бұл жағдайда біз кімнің не істеуі керек екенін айтпауымыз керек. Адамдар бірінші кезекте естелік ретінде тағуы тиіс (лентаны - Авт.). Заманауи қазақстандық көгілдір лентаны жақын қабылдайтыны белгілі, себебі мұның біздің елдің тәуелсіздігіне қатысы бар", - деп атап өтті ол.

Министр Георгий жолағының 1941-1945 жылдары емес, 2000-жылдардың басында ғана Ұлы Отан соғысы символы болғанын еске салды. 

"Бұл мәселені саясиландырудың қажеті жоқ. Ең бастысы - ата-бабаларымызға деген қарым-қатынасымызды, оларға деген махаббатымыз бен құрметімізді сақтау", - деп мәлімдеді министр.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай