Министр БАҚ-қа бөлініп жатқан қыруар қаражаттың қайда жұмсалғанын түсіндірді

23 Қараша 2016, 16:22
0
Министр БАҚ-қа бөлініп жатқан қыруар қаражаттың қайда жұмсалғанын түсіндірді -

ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев БАҚ-тардың мемлекеттік тапсырыс арқылы алатын миллиардтаған сомасының қалай жұмсалатынын "Қазақстан" телерадиокорпорациясының мысалында түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс жайында айтар болсақ... айталық, "Қазақстан телерадиокорпорациясын алсақ, 18 миллиард теңге "сұмдық" қаражат деп ойлаймыз. Біздің сарапшылар бес жылға есептейді, ал кейін мемлекеттік ақпараттық тапсырыс 100-150 миллиард қаражат алды дейді. Бір қарағанда бұл ақылға қонымсыз сома болып көрінеді. Ал шын мәнінде олай емес", - деді Абаев.

Ол "Қазақстан" телерадикорпорациясының құрамында 23 бұқаралық ақпарат құралы бар екенін, оның қатарында 4 радио және 14 облыстық арнаның бар екенін түсіндірді.

"10 пайыз қамтылып отыр, Қазтелерадио - таратылым әрбір ауылға жетеді, цифрлық таратылым да бар. Сатып алатын көптеген материал абар, себебі біз футболдан Қазақстан құрамасының ойынының трансляциясын сатып алуымыз керек (...). Олимпиадада да солай. Жасырын түрде айтайын, Олимпиаданы көрсету бойынша келіссөздерді мен жүргізген едім, бұл келіссөздер Ойындарға бір апта қалғанда ғана аяқталды. Яғни біз Олимпиаданы көрсетпей де қалуымыз мүмкін еді. Бұл шектік мерзім болды. Мұнда компания өкілдері болды, олардың құқығы бар, олар, әрине, қазақстандықтар емес. Бұл өте күрделі келіссөз болды, тіпті бір тәулікке созылған шығар. Бұған да қаражат қажет, бұл да мемлекеттік ақпараттық тапсырыс", - деді министр.

Ол мемлекеттік ақпараттық тапсырысқа жұмсалатын қаражат сомасы жайлы айтқан кезде нақты контентке жұмсалатын ақша жайлы ғана сөз қозғау керек екенін атап өтті.

 

"Егер барлық техникалық мәселелерді, еңбекақы төлемі қорын алып тастаса, мемлекеттік ақпараттық тапсырыстың сомасы әлдеқайда аз болады. Қазір айтылып жатқан сомалар жайлы бір ауыз сөз де болмайды деп сеніммен айта аламын", - деді Дәурен Абаев.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай