Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов баласының мектеп формасына 36 мың теңге жұмсағанын растайтын түбіртектердің суретін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов баласының мектеп формасына 36 мың теңге жұмсағанын растайтын түбіртектердің суретін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Ұлым мемлекеттік мектепте оқиды және оқу жылына басқа ата-аналар сияқты дайындаламыз. Жексенбіде ұлым екеуіміз дүкеннен 36 000 теңгеге жейде, костюм, шалбар және галстук сатып алдық. Түбіртектен заттардың құнын және оның жалпы сомасын есептеп көруге болады. Сондай-ақ, мектеп формасынан бөлек шамамен 20 мың теңгеге портплед сатып алынғанын да байқауға болады", - деп жазды министр Facebook-парақшасында.
Ол айтқан жауабын растау үшін сатып алынған заттардың түбіртегін қоса салып отырғанын айтты.
"Бір түбіртекте сома 26 мың теңге (пиджак. шалбар. жейде). Екінші түбіртекте – 10 мың теңгеден жоғары (тағы бір жейде мен галстук). Жалпы сомасы 36 мың теңгеден асады. Портплед шамамен 20 мың теңге.
Бұрын сатып алынған мектеп формасы барын да айтқым келеді. Яғни, былтырғы киімдерін балам биыл да киеді", - деді ол.
Суреттер: Асхат Аймағамбетов/Facebook
"Министрліктің 475 мың мұқтаж балаға мектеп формасын сатып алуына қаржылай көмек көрсету шараларын қадағалап отыратынын атап өткім келеді. Оқу жылы қарсаңында Үкімет бұл мәселені бақылауға алды. Премьер-министр тиісті тапсырмалар берді", - деді министр сөзін қорытындылап.
Еске салайық, Асхат Аймағамбетов үкімет отырысынан кейін тілшілерге ұлының мектеп формасын алуға қанша қаражат жұмсағанын айтқан болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!