Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Министр баласының мектеп формасына қанша ақша жұмсағанын айтты 16 тамыз 2022, 13:05

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылы қарсаңында баласының мектеп формасына қанша ақша жұмсағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылы қарсаңында баласының мектеп формасына қанша ақша жұмсағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Журналистердің сұрақтарына жауап берген министр демалыс күндері баласымен дүкенге барғанын айтты.

"Бірнеше ақ көйлек, шалбар, костюм, галстук алдық. Балам жаңа оқу жылына дайын. Барлығына 35 мың (теңге) шамасында кетті", - деді Аймағамбетов.

Оның айтуынша, дүкенге келушілер көп болған. Таңдау қазақстандық өндірушінің өніміне түскен.

"Біз де басқалар сияқты кезекте тұрып, киіп көрдік. Барлық отбасылар сияқты біз де мектепке дайындықты бастадық", - деп қосты министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Подпишись на почтовую рассылку Tengrinews.kz. Получай все самое главное за неделю каждую пятницу на свой адрес.


Join Telegram