Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен қамауға алынған орынбасары Ахметжан Пірімқұловтың кінәсі дәлелденсе, отставкаға кетуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен қамауға алынған орынбасары Ахметжан Пірімқұловтың кінәсі дәлелденсе, отставкаға кетуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Үкіметте өткен брифингте журналистер министрден жемқорлыққа қатысты даудың ортасында қалған алты қоқыс өңдейтін зауыт туралы сұрады.
"Жақында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "ӨКМ операторы" арқылы осы компаниялар басшылары мен Экология министрлігінің жауапты тұлғалары 180 миллиард теңгені жымқырмақ болғанын хабарлады. Оның үстіне олар бұл ақшаны 6 қоқыс жағу зауытын салу арқылы жымқыруды көздеген. Олар салынды ма және әңгіме қай әріптестеріңіз туралы", - деп сұрады тілші.
Брекешевтің айтуынша, тендерді жеңіп алған мердігер бұл жобаны одан әрі жүргізуге ниетті емес. Сондықтан зауыттар тағдыры қайта қарастырылады.
"Олар бұл қаражатты жымқырғысы келді ме, әлде алып кеткісі келді ме, бұл тергеу шаралары нәтижесінде белгілі болады. (...) Мен отставкаға кетем бе деген сұрақ қойғыңыз келді. Сот шешімі болса, мен қолданыстағы заңнамаға сәйкес әрекет етемін", - деді Брекешев.
Еске салайық, қаңтарда экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов "ӨКМ операторы" төрағасы Медет Құмарғалиевпен бірге ұсталғаны белгілі болды. Олар сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасады деген күдікке ілінген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!