28 қаңтар 2022 10:29

Экология вице-министрі мен "ӨКМ Операторы" басшысы 2 айға қамауға алынды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының санкциясы бойынша бұрынғы экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен "ӨКМ Операторы" ЖШС бұрынғы төрағасы Медет Құмарғалиев 2 ай мерзімге қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2022 жылдың 27 қаңтарында Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті А.А. Пірімқұловқа, М.Қ. Құмарғалиевке қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады", - делінген хабарламада.

Соталды тергеп-тексерудің өзге деректері Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге ​​жатпайды.

Айта кетейік, бұған дейін экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен "ӨКМ Операторы" ЖШС басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев ұсталғаны хабарлаған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети