1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Министр Жапония жағалауында тұрған лайнердегі қазақстандықтардың жағдайы туралы айтты

© REUTERS © REUTERS

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Жапония жағалауында тұрған лайнердегі төрт қазақстандықтың жағдайы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, қазақстандықтар таяуда эвакуацияланады.

"Олар Жапонияның Денсаулық сақтау министрлігімен тікелей байланыста. Қазіргі уақытта олардың коронавирустың жаңа түрін жұқтырғаны жайлы мәлімет жоқ. Жағдайлары жақсы, ешқайсы вирус жұқтырмаған. Хабар күтіп отырмыз, Сыртқы істер министрлігінің өкілдерімен азаматтарымыздың Қазақстанға оралу мәселесін қарастырып жатырмыз", - деді Біртанов үкімет отырысының кулуарында.

Еске салайық, осыған дейін Жапонияда 3700 жолаушысы бар круиз лайнерінде бір адамнан коронавирус табылған соң карантин жарияланғаны хабарланған болатын. Diamond Princess кемесі 20 қаңтарда Йокогамадан шыққан, 3 ақпанда портқа оралған еді. Жапония билігі оның бортындағы қытайлықтан коронавирус табылғандықтан, 19 ақпанға дейін карантин жариялаған.

Ал кеше Жапония жағалауында тұрған лайнердегі қазақстандықтар туралы мәлімет пайда болды. ҚР СІМ ресми өкілінің айтуынша, Қазақстанның Жапониядағы елшілігі олармен тығыз қарым-қатынаста.