29 наурыз 2022 10:42

Министр жеңілдетілген автонесие беру қашан басталатынын айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Қазақстанда жеңілдетілген автонесие сәуірдің аяғына дейін жұмыс істейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Қазақстанда жеңілдетілген автонесие сәуірдің аяғына дейін жұмыс істейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өзіміздің автоөндіріске назар аударамыз, сондықтан қазір бағаны тұрақты ұстау үшін барлық шараны қолданып жатырмыз. Жеңілдетілген автонесие деп автокөліктер 10 миллион теңгеге дейін қаржыландырылады дегенді айтып отырмыз. Бірақ көлікті одан да қымбатқа сатып алуға құқығыңыз бар, бірақ айырмашылықты өз қаражатыңыздан төлейсіз. Сәуірдің аяғына қарай шешім қабылдаймыз деп ойлаймын, 4 пайыздық жеңілдікпен несие беру болады", - деді министр үкімет отырысынан кейін.

Сондай-ақ, ол азаматтардың көлік бағасының күрт өсуіне қатысты алаңдаушылығы туралы пікір білдірді.

"Әзірге қазақстандық көліктер бағасын көтеруді жоспарлап отырған жоқпыз. Бірақ баға күн сайын көтеріліп жатыр, сондықтан ертең баға қандай болатынын айту қиын. Бірақ көп тауар бойынша тіпті төмендеу үрдісі байқалады", - деді Өскенбаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети