Министр Каспий теңізіндегі итбалықтардың қырылуына қатысты пікір білдірді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Суретті Маңғыстау облысының Экология департаменті баспасөз қызметі ұсынды Суретті Маңғыстау облысының Экология департаменті баспасөз қызметі ұсынды

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Каспий теңізіндегі итбалықтардың қырылуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Каспий теңізіндегі итбалықтардың қырылуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Каспий жағалауында 100-ге жуық итбалық өлексесі табылды, деді министр Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.

Оның айтуынша, өлексе қатты ыдырап кеткендіктен, өлім себебін бір айға жуық уақыттан кейін анықтауға болады. Мамандар тырнақтар мен тістердің үлгісін алған.

"Көпшілік итбалықтардың өлімі мен NCOC компаниясының Солтүстік Каспийдегі теңіз түбін тереңдету жұмыстары қаншалықты байланысты деген мәселені көтерді. Итбалықтардың өліміне байланысты мамандар оқиға 3-4 ай бұрын болуы мүмкін дейді. Бұл қыс мезгілі, әлі мұз ерімеген кез. Сондықтан өлексе сақталған. Олар мұзда болды. Мұз ерігеннен кейін, майдың әсерінен қалқып, жел жағаға шығарған.

Өлекселер Қашағаннан 150 шақырым қашықтан табылған. Іс-шара жоспары бойынша қазба жұмыстары 15 сәуірде ғана басталды. Бұл оқиғалар бір-біріне қатысты емес", - деп сендірді министр.

Оның айтуынша, бұл жұмысты бастамас бұрын компания ғалымдармен бірнеше іс-шара өткізген. Жұмыс Солтүстік Каспий флорасына да, фаунасына да әсер етпейтіні туралы ғылыми негіздемелер болған.

Еске салайық, 27 сәуірде Каспий теңізінің Маңғыстау бөлігіндегі жағалауында 94 итбалық өлі табылған болатын.

Каспийде итбалықтар жаппай қырылды

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro