06 қыркүйек 2022 12:52

Министр Қазақстан рейтингі бойынша S&P болжамына пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Қазақстанның рейтингі бойынша S&P болжамының нашарлауына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Қазақстанның рейтингі бойынша S&P болжамының нашарлауына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрлік басшысына Қазақстанның ұлттық рейтингі бойынша болжамның "тұрақтыдан" "жағымсызға" нашарлауы, ел инвесторларынан айырылуы мүмкін дегенді білдіре ме деп сұрақ қойылды.

"Алаңдатудың қажеті жоқ, олар рейтингімізді растады. Ал болжамның нашарлауы екі жыл ішінде рейтингімізді қайта қарауға 30 пайыз мүмкіндік бар дегенді білдіреді. Пандемия кезеңінде, 2021 жылы, көптеген елде рейтингтер мен болжамдар қайта қаралды. Бұл қалыпты тәжірибе, ешнәрсеге алаңдаудың қажеті жоқ", - деді Қуантыров.

Бұған дейін Standard & Poor's (S&P) халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның ұлттық рейтингінің болжамын "тұрақтыдан" "жағымсызға" төмендеткен болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети