27 маусым 2017 16:49

Министр Қазақстандағы блогерлердің статусы қандай екенін түсіндіріп берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© unsplash.com © unsplash.com

Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев блогерлер еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдарына теңесе ме, жоқ па сол жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев блогерлер еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдарына теңесе ме, жоқ па сол жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз блогерлерді журналистермен теңестіргіміз келді, бірақ қоғам бұған қарсы болды. Сондықтан ол норманы алып тастадық. Бірақ Қазақстанда тіркелген басылымдар осы нормамен жұмыс істейді. Ал әлеуметтік желілердегі пабликтер бұл заңға бағынышты емес. Осы жерде біз осы пабликтердің басшыларымен байланысқа шығып, жұмыс істеуіміз керек. Олар Қазақстан аумағында жарияланатын және адам құқықтарына қайшы контентті алып тастауы керек", - деді Дәурен Абаев Мәжілісте ақпарат және коммуникация мәселелері бойынша түзетулерге қатысты заң жобасын таныстыру кезінде.

Сондай-ақ, министр Қазақстанда блогерлерде мемлекеттік тапсырысты қабылдауға құқы бола ма деген сұраққа жауап берді.

"Біз бұл мәселені қарастырдық. Расында да кейбір блогерлердің аудиториясы кейбір БАҚ-тардан көбірек. Сол үшін де біз осы мәселені талқыладық. Алайда қоғам мен блогерлердің өзі бұл ережеден бас тартқандықтан, біз норманы алып тастадық. Қазіргі уақытта олар блогерлер емес, азаматтар ретінде қабылданады. Біз оларға мемлекеттік тапсырыстарды бермейміз", - деді Дәурен Абаев.

Еске сала кетейік, министр осыған дейін журналистік сауалхатқа уақытында жауап бермеген қызметкерлерді жұмыстан босатуды ұсынған болатын. "Қазір ресми хабарлама бар. Оның аясында сіздерге екі күн ішінде жауап беріп, нақтылауы керек. Егер алдыңғыға қатысты емес жаңа сауалыңыз пайда болса, оған жауап беру мерзімін 15 күнге дейін ұзарттық. Мемлекеттік орган өзі толық жауап бере алу үшін. Қазір журналистердің 90 пайызы алынған жауапқа риза болмайды", - деген еді министр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети